Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 25 млрд теңге жұмсалады

1002

Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды деп хабарлайды inbusiness.kz.

Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 25 млрд теңге жұмсалады

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой: "Заң жобасының басты тұжырымдамасы биологиялық қауіп-қатерді ерте анықтау, оларды болдырмау және алдын алу болып отыр. Аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошағы, халық пен жануарлардың белсенді қозғалысының және тауар айналымының нәтижесінде туындайтын қауіпті инфекциялардың тасымалдануы биологиялық қауіп-қатердің негізгі көзі болып саналады", – деді. 

Министрдің мәлімдеуінше, патогенді биоагенттерге рұқсатсыз қол жеткізу, олардың реттелмейтін және еркін айналымы, төтенше жағдайлар және терроризм актісі нәтижесінде жоғары қауіпті көздерге әсер ету сонымен қатар биоқауіпсіздік саласында білікті кадрлардың жетіспеушілігі биологиялық қауіп-қатердің өзегі болып табылады. 

"Мұндай қауіп-қатере қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесін қалыптастыру қажет. Осыған орай заң жобасында биоагенттермен жұмыс істеуге қойылатын талапты біріздендіру, микроорганизмдердің ұлттық және жұмыс коллекцияларының қызметін регламенттеу, үйлесімді мемлекеттік басқару жүйесін құру,  патогенді биоагенттердің айналымы туралы деректерді есепке алу мен мониторингтеудің бірыңғай жүйесін қалыптастыру, биотәуекелді басқару жүйесін енгізу, биологиялық қауіп-қатерді болжау жүйесін құру, салалық қызмет пен халықтың ықтимал төтенше жағдайларға дайындығын қамтамасыз ету, мемлекеттік реттеудің превентивті функциясын күшейту мәселесін реттеу ұсынылды", – деді Алексей Цой.

Айта кетейік, заң жобасы аясында 2022-2024 жылдар аралығында атқарылатын шараларды жүзеге асыруға республикалық бюджеттен шамамен 25 млрд теңге қарастырылады. Қаржы бейінді қызметкерлерді әлеуметтік қорғауға, мемлекеттік зертханалық базаны қосымша жарақтандыруға, биоқауіпсіздік саласында бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйе құру және жүргізуге сондай-ақ микроорганизмдер коллекциясын ұстап тұруға жұмсалады.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу