Биомедицина ғалымдары: Ғылыми құрылғыларды шетелден тікелей сатып алуға мүмкіндік беру керек

645

Шетелден ғылыми қондырғыларды сатып алу үшін заңнамаға өзгеріс енгізу керек.

Биомедицина ғалымдары: Ғылыми құрылғыларды шетелден тікелей сатып алуға мүмкіндік беру керек

Қолданыстағы заң бойынша, тендер арқылы сатып алу жүйесі шетелдік өндірушілермен тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді. Мұндай пікірді био-медицина саласының өкілдері айтып отыр. 

Ғалымдардың сөзіне сүйенсек, гео-саяси ахуалға байланысты заманауи құрылғыларды жеткізу қиындаған. Себебі, халықаралық өндірушілердің Ресейде орналасқан өкілдіктері жабылып жатыр. Егер елімізде бір орталықтан сатып алатын мекеме ашылса, ғылымды заманауи қондырғымен қамтамасыз ету жеңілдер еді. Ғалымдарды алаңдататын тағы бір мәселе - қаржының жеткіліксіздігі. Мысалы, қазір елімізде Жалпы ішкі өнімнің 0,13 пайызға жетер-жетпесі ғылымға бөлінеді. Ал, дамыған елдерде бұл көрсеткіш бірнеше есеге көп. Зерттеушілер қауымдастығы биліктен ғылымға көбірек көңіл бөлуді сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу