BioNTech жаңа штамға қарсы вакцина жасауды жоспарлап отыр

565

Компания оны алты апта ішінде жасай алатынын жариялады.

BioNTech жаңа штамға қарсы вакцина жасауды жоспарлап отыр

Германияның BioNTech компаниясы коронавирустың Британияда табылған жаңа штамына қарсы вакцинаны алты апта ішінде жасай алады. Бұл туралы компанияның бас директоры Угур Шахин мәлім етті. 

Оның айтуынша, Pfizer компаниясымен бірлесе жасалған қазіргі екпе мутацияланған вирусты жеңе алуы әбден мүмкін, бірақ қажет болса препаратты жетілдіріп, "британиялық" коронавирусқа қарсы қолдануға болады. 
"Ғылыми тұрғыдан алып қарасақ, қазіргі екпе егілген жағдайда адам ағзасы мутацияланған вируспен күресіп, оған бой алдырмауы әбден мүмкін. Біз жаңа вакцинаны алты апта ішінде жасай аламыз", – деді ол. 

Еске сала кесек, 14 желтоқсанда Британияның денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок елде вирустың жаңа штамы табылғанын мәлім еткен еді. Ғалымдар жаңа штамм бұрынғысына қарағанда тез тарайды деп отыр. Британиямен арадағы көлік қатынасын тоқтатқан елдердің қатары артып жатыр. 

Табиғат Нұрболат

Фото: dw.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу