"Бипэк Авто" коронавируспен күреске 30 көлік бөлді

1194

Қазақстанда құрастырылған көліктер Нұр-Сұлтан, Алматы және Өскемен қалаларындағы жедел штабтарда қызмет көрсетеді. 

"Бипэк Авто" коронавируспен күреске 30 көлік бөлді

Елдегі алпауыт кәсіпорындар мен қалталы кәсіпкерлер коронавируспен күреске миллиардтап, миллиондап ақша бөліп жатқанда өскемендік "Бипэк Авто-Азия Авто" компаниясы 30 көлік бөлумен шектелді. Бұл мәліметті кәсіпорынның баспасөз қызметі таратып отыр. 

"Нұр-Сұлтан қаласының блокпостарын жабдықтау үшін 15 автомобиль, Алматы қаласына 10 көлік, Шығыс Қазақстан олысының денсаулық сақтау басқармасына 5 көлік берілді. Көліктер 25 наурыз күні жөнелтілді", – деп жазылған баспасөз хабарламасында.  

Компанияның бас директоры Ерік Сағымбаев бұл 30 көлікті күтіп ұстау шығындары төтенше жағдай кезеңінде толық өз мойындарында болатынын мәлімдеді.

"Берілген көліктерді күтіп ұстауға кететін шығынның бәрін өзіміз жабамыз. Көлік жүргізушілерін төтенше жағдай кезінде республиканың кез келген нүктесіне жеткізіп береміз. Отандастарымыздың қауіпсіздігі үшін компания онлайн сатылымды жолға қойды", – дейді Ерік Сағымбаев. 

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу