"Бір адам бір айда 19 мың теңгенің азық-түлігін тұтынған"

1317

Ең төменгі күн көріс мөлшерінің құрылымы қандай? 

"Бір адам бір айда 19 мың теңгенің азық-түлігін тұтынған"

Қаңтар айында қазақстандықтардың ең төменгі күн көріс көлемі 33,9 мың теңгеге жеткен. Статистика комитетінің ақпаратына сенсек, бұл былтырғыдан 12,7%  артық.
Ranking.kz күн көріс мөлшерінің құрылымын талдаған ақпарат жариялады. 

"Ең төменгі күн көріс деңгейінің құрылымында азық-түлік себетіне 18,6 мың қарастырылған. Қалған 15,2 мың теңге азықтық емес тауарлар мен қызметтерге жұмсалуы керек", – деп жазады портал.

Өңірлер арасында ең жоғары көрсеткіш Маңғыстау облысында (38,9 мың теңге).  Бұл республикалық көрсеткіштен 14,7% жоғары деген сөз. Екінші орында – Нұр-Сұлтан қаласы (37,3 мың теңге). Үшінші орындағы Алматы қаласында ең төменгі күн көріс мөлшері 36 мың теңге болған.

Күн көріс мөлшері ең мардымсыз өңірлер – Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстары.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу