Астанада бір адамға 5 келіден артық картоп сатылмайтын болды

271

Қалада картоп жетіспеушілігі жоқ.

Астанада бір адамға 5 келіден артық картоп сатылмайтын болды Фото: eldala.kz

Астанада картоп сатылымына уақытша шектеулер енгізілді. Бұл туралы қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақпаратқа сәйкес, қалада картоп бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданды.

"Картоп жетіспеушілігі жоқ. Өнім қаланың сауда желілері мен базарларының сөрелерінде жеткілікті көлемде ұсынылған, ал оның қорлары уақытылы толықтырылуда. Өнімді көтерме бағада сатып алуды болдырмау мақсатында "Small" және "Spar" желілерінің сауда нүктелерінде картопты бір адамға 5 килограмнан артық сатуға уақытша шектеу енгізілді", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу