Осыдан бір ай бұрын сатып алынады деген 1 млн 200 мың ПТР тест елімізге әлі жеткізілген жоқ. Бүгін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы тіпті сатып алу шарасы өтпегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.
Маусымның 18-і сол кездегі вице-министр Ләззат Ақтаева 10 күннің ішінде коронавирусты анықтауға қажетті тестер сатып алынатынын айтқан. Алайда, есеп-қисап сұрақтарына байланысты тест жеткізу мәселесі тежелуде.
Айта кету керек, наурыз айынан бері 3 млрд теңгеге Қытайдан 696 мың тест алынды. Бүгінгі күнге дейін елімізде 1,7 млн сынама пайдаланылған. Тимур Сұлтанғазиев жақын арада отандық компаниялардың да тестері сатып алынатынын айтты.