Бір айда 150-ге жуық рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды

598

Қазақстанның бірқатар өңірінде рейдтік іс-шаралар өтті.

Бір айда 150-ге жуық рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды

Жыл басынан бері 2000-ға жуық қоқыс орындары, соның ішінде Ғарыш Сапары космомониторингі арқылы анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамыр айында республика бойынша барлығы 31 рейд өткізілген. Іс-шаралар Атырау, Қызылорда, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында ұйымдастырылып, нәтижесінде 150-ге жуық рұқсат етілмеген қоқыс орындары анықталған.

Қабылданған шаралармен 14 факт бойынша (бұл шамамен 88 қалдық нысаны) тиісті тұлғалар ӘҚБтК-нің 344-бабы бойынша 153 мың теңге мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 20-дан астам қалдық төгілген орын тазартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу