Бір айда 5 пәтер тонаған ұры ұсталды

1233

Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Берікқызының мәлімдеуінше, ұры Қостанай полицейінің қырағылығының арқасында қолға түсті, деп хабарлайды inbusinnes.kz.

Бір айда 5 пәтер тонаған ұры ұсталды

"Қостанай қаласы полиция басқармасының аға кадр инспекторы Шыңғыс Халықов өз үйінің ауласынан іздеуде жүрген пәтер ұрысының сипаттамасына сай келетін ер адамды байқады. Ізінше қылмыстық полиция қызметкерлеріне қоңырау шалады. Аталған мекенжайға солтүстік полиция бөлімінің жедел уәкілдері Қазбек Қайратұлы мен Болат Нұртазин келіп, күдіктіні ұстайды", – деді Шұғыла Берікқызы.

Ішкі істер министрлігі өкілінің баяндауынша, осы аралықта ұры пәтерден 
алтын бұйымдар мен 650 мың теңгені ұрлап үлгерген. 

"Облыс орталығы аумағында мамырдан шілдеге дейін 5 пәтер ұрлығы орын алды. Ұрының негізгі олжасы ақша мен алтын бұйым болды. Ол орта есеппен алғанда әр пәтер иесіне 500 мың теңге шығын келтірді", – деді Шұғыла Берікқызы.

Оның айтуынша, ұсталған ұры бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін сотталған Нұр-Сұлтан қаласының 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазір жасалған қылмысқа қатысты тергеу амалы жүріп жатыр. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу