Бір айда 920 мыңнан астам адам тамашалады

658

 Бір айда 920 мыңнан астам адам тамашалады

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға маусымның 10 мен шілденің 10 аралығында 921 293 адам келді. Бұл туралы "Астана – ЭКСПО-2017" ҰК"АҚ басқарушы директоры Бейбіт Қарымсақов көрменің бір айлық жұмысының қорытындысына арналған баспасөз конференциясында хабарлады.
"Біз ертең түстен кейін милионыншы қонақ келеді деп күтудеміз, 17.00-19.00 сағат аралығында шамамен.  Ал, жалпы кіріп шыққандардың жиынтық саны 5 млн 960 мыңды құрады. Көрменің негізгі нысандарын 834 мың 579 рет көріп шыққан", - деді басқарушы директор.

Б. Қарымсақов атап өткендей,  ең көп келетін нысан - "Нұр-Алем", онда 303 007 адам болған.  

"Көрсетілген мерзім ішінде көрмеге жеңілдетілген тариф бойынша 160 мың адам келген. Олар зейнеткрелер, оқушылар, алты жасқа толмаған балалар мен мүгедектер және ҰОС ардагерлері. 407 700 адам көрмеге басқа аймақтардан келген, олардың ішінде 17 700 балалар. Біздің бақылаумызша олар көбіне Қарағанды, Павлодар мен Ақмола облысынан келген", - деп баса айтты Бейбіт Қарымсақов.

Спикердің хабарлауынша, осы уақыт аралығында көрмеге 130 мыңнан астам шетелдік қонақ келді. Бұл шамамен 14% құрап отыр.  Шетелдік қонақтардың ішінде  Ресейден 35 мың адам, Германиядан 19 мың адам, Қытайдан 11,5 мың адам келген.

"Өздеріңіз білетіндей ашық аспан жүйесі жұмыс істеуде. 21 авиакомпания 28 халықаралық бағыттар бойынша авиарейстерді жүзеге асыруда. Қаладағы қонақ үйлер 60%-ға толып тұр. Сонымен қатар, аталған мерзім ішінде көрме алаңында 1031 мәдени, ойын сауық және іскерлік шаралар өткізілді. Бұдан басқа,  мемлекет басшыларының, министрлердің, комиссарлардың қатысуымен  84 хаттамалық шаралар ұйымдастырылды. Жалпы, көрме өзінің жұмысын штаттық режимде жалғастыруда", - деп түйді Б. Қарымсақов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу