Ал, былтыр елордалықтар 17 млрд теңгеден аса соманың тегін дәрі-дәрмектерімен қамтылған, деп жазады inbusiness.kz "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Астана филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"МӘМС жүйесінде тегін дәрі-дәрмекпен: жіті респираторлық инфекциямен – жоғарғы тыныс жолдарының аурулары бойынша – 3 458 бала және төменгі тыныс жолдарының аурулары бойынша – 8 547 бала; теміржетіспеушілігі анемиясымен - 1 343 бала; рахит ауруымен - 1004 бала; пневмониямен - 2 197 бала; синуситпен/бадамша безі (миндалин) және аденоид ауруларымен - 645 бала қамтылды. Біздің сарапшылар медициналық қызметтің қолжетімді болуы және оның сапасының жақсаруы үшін, яғни науқастардың құқығы сақталуы үшін тұрақты жұмыс жүргізеді", - деп атап өтті "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ елорда филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.