Бір айда бес көлік тонаған ұры ұсталды

1071

Бір айда бес көлік тонаған ұры ұсталды

Талдықорған қаласындағы көпқабатты үйлердің ауласындағы автокөліктерді тонаумен айналысқан 25 жастағы күдікті азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, ұсталған жігіт - облыс орталығына жақын орналасқан аудандардың бірінің тұрғыны. Ол Талдықорған қаласына келіп, көліктердің ішіндегі құнды дүниелерді жымқырып, қыстақтағы ауылына жасырынып жүрген. Дегенмен, қылмыстарды ашуға жұмылдырылған тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсіріп, оның бес ұрлық фактісіне қатысы бар екенін дәлелденді.

"Негізінен, күдікті көліктердің дөңгелектері мен аккумуляторларын, бейнетіркегіштерін ұрлаған. Оның 5 ұрлық фактісіне қатысы бар екені анықталды және ол дәлелденді. Барлық фактілер бойынша келтірілген материалдық шығындар өтелді. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, іс бүгін сотқа жіберілді", деп өз сөзінде атап өтті Талдықорған қаласы полиция басқармасының жедел уәкілі полиция капитаны Азамат Көпбаев.

Өз кезегінде, полиция қызметкерлері темір тұлпар иелерін осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында қауіпсіздік шараларын қабылдауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу