Бір айда қазақстандықтарға кредит беру 4%-ға артқан

1039

11 айда экономиканы кредиттеу көлемі 3,7%-ға өскен. 

Бір айда қазақстандықтарға кредит беру 4%-ға артқан

2021 жылғы қарашада заңды тұлғаларға кредит беру – 3,1%, жеке тұлғаларға 4,1%-ға артты, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 3,7%-ға ұлғайып, 2021 жылғы қарашаның соңында 17 млрд 838,2 млн теңге болды.

"Заңды тұлғаларға кредит беру көлемі бір айда 7 млрд 497,1 млн теңгеге дейін 3,1%-ға, жеке тұлғаларға 10 млрд 341,1 млн теңгеге дейін 4,1%-ға өскен. Ұлттық валютадағы кредит көлемі бір айда 15 млрд 976,5 млн  теңгеге дейін 3,7%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредит беру 2,8%-ға, жеке тұлғаларға 4,1%-ға өсті", – деп жазылған хабарламада.

Шетел валютасындағы кредит көлемі 1 млрд 861,7 млн теңгеге дейін 3,9%-ға өсті. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредит беру 4,0%-ға артты, жеке тұлғаларға кредиттер 1,8%-ға төмендеді. 

"2021 жылғы қарашаның соңында теңгемен берілген кредиттің үлес салмағы 89,6% (2020 жылғы желтоқсанда – 87,0%) болды. Ұзақ мерзімді кредит көлемі бір айда 15 млрд 435,2 млн теңгеге дейін 4,0%-ға, қысқа мерзімді кредит көлемі 2 млрд 403 млн теңгеге дейін 2,0%-ға ұлғайды", – деп жазылған хабарламада.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2021 жылғы қарашада 3 млрд 550,8 млн теңгеге дейін 9,0%-ға ұлғайды (корпоративтік сектор кредиттерінің жалпы көлемінің 47,4%).

Биыл қарашада банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредит бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 11,9%, жеке тұлғаларға 17,6% болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу