Бір айда жеткізу қызметінің орташа табысы 25%-ға өсті

1439

Жұмыссыз қалғандардың барлығы жаппай осы салаға тартылуда. Алайда оларға қойылатын талап өзгерген жоқ.

Бір айда жеткізу қызметінің орташа табысы 25%-ға өсті

Бір айда жеткізу қызметінің орташа табысы 25 пайызға өскен. Карантин енгізілгелі жаппай жабылған кәсіпорындар курьерлік қызметке ауысуда, деп хабарлайды Atameken Business. 

Тағамдар мен киім-кешек сынды қажетті тауарлардың барлығы енді тұрғындардың үйіне бірден әкелінеді. Нәтижесінде жеткізу агенттігіне деген сұраныс көбейген. Бұл мамандар санын 3 есе арттыруға мүмкіндік беріпті. Қазірдің өзінде жұмыссыз қалғандардың барлығы жаппай осы салаға тартылуда. Алайда оларға қойылған талап өзгерген жоқ.

 "Курьер болғысы келгендер саны 2 есеге артты. Бұған қаладағы жұмыссыздық себеп. Оларға қойылатын талаптар өзгерген жоқ. Негізгі құжаттар мен медициналық анықтамасы міндетті түрде болуы қажет",– дейді Манас Наурызым Жеткізу компаниясының бөлім басшысы

 

Жұмыссыз қалған тұрғындардан бөлек, жабылу алдында тұрған мейрамханалар да курьерлік қызметке жүгіне бастаған. Екі апта ішінде Алматы мен Нұр-Сұлтанда ұсыныс көлемі төрт есеге ұлғайған. Тасымалдаушы ретінде аталған мекемелердің өз қызметкерлері алынбақ. Сондай-ақ, оңтүстікте қала тұрғындарына азық-түлік пен дәрі-дәрмекті тегін жеткізу жұмыстары ұйымдастырылуда. Ол үшін әкімдік жергілікті компаниялармен арнайы келісімге отырған.

"5 сәуірдеп бастап қала тұрғындарына азық-түлік және дәрі дәрмек тегін таратыла бастады. Әр 3 күн сайын жеткізіліп отырады. Әзірге тек Glovo компаниясымен жұмыс істеудеміз. Бұл нарықтағы ең ірі кәсіпорындардың бірі. Кейін басқаларымен де ортақ келісімге келеміз деп ойлаймын. Бұл бастама халық игілігі үшін жасалуда. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге де өз ісін кеңейтуге мүмкіндік береді",– дейді Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу