Бір айдан кейін "Ұлттық құрылтай" өтеді – Тоқаев

1771

"Құрылтай ел дамуының өзекті мәселелерін талқылау үшін қоғамды жұмылдыруға арналған. Ол жалпыұлттық диалогтың әмбебап моделіне айналады", – деді перзиент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бір айдан кейін "Ұлттық құрылтай" өтеді – Тоқаев

Бұл туралы Қазақстан халқы ассамблеясының "Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі" атты отыз бірінші сессиясында айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

Құрылтай құрамына депутаттар, Ассамблея мүшелері, сарапшылар мен құқық қорғаушылар, барлық өңірлердің, сондай-ақ азаматтық альянстың, қоғамдық кеңестердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-қауымдастықтардың және өндіріс саласының өкілдері кіреді екен.

Президенттің пікіріне қарағанда, Қазақстан халқы ассамблеясы Ұлттық құрылтаймен бірлесіп, тиімді жұмыс істеуі керек. 

"Себебі түптеп келгенде, екеуінің мақсаты – ортақ. Ауқымды өзгерістерге жастардың да белсене қатысқаны абзал. Кеше тұңғыш рет Қазақстан халқы Ассамблеясының Жастар сессиясы өтті. Оның ұсынымдарын мұқият зерделеу қажет", – дейді мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу