Бір айдың ішінде алаяқтықтан келген шығын көлемі екі есе артқан

1289

Өткен сегіз айда жалпы сомасы 7 млрд теңге тәркіленген және ерікті түрде өтелген.  

Бір айдың ішінде алаяқтықтан келген шығын көлемі екі есе артқан

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет мәліметтеріне сүйенсек, 2019 жылдың қаңтар-тамыз аралығында 1,4 мың қылмыстық іс қозғалған. Оның ішінде ауыр қылмыстан келген шығын көлемі – 8,8 млрд теңге, онша ауыр емес қылмыстан – 298,2 млн теңге, аса ауыр қылмыстан – 26,6 млн теңге, орта ауырлықтағы қылмыстан – 14,9 млн теңге. 

Сонымен қатар, биылғы жылдың қаңтар-тамыз аралығында материалдық шығын бойынша құқық бұзушылықтардың көшін 8,3 млрд теңге көрсеткішімен қызметін асыра пайдалану деректері бастап тұр. Ал алаяқтық нәтижесінде 224,6 млн теңге жымқырылған. Бұл биылғы жылдың қаңтар-шілде аралығындағы көрсеткіштерден екі есе жоғары (101,6 млн теңге). Ал сыбайлас жемқорлық фактілерінің нәтижесінде 27,6 млн теңге шығын келген.

Айта кететіні, өткен сегіз айда материалдық шығын бойынша заң бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 7 млрд теңге тәркіленген және ерікті түрде өтелген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу