Бір айдың ішінде қонақүйлердегі нөмір күрт қымбаттады

741

Бір айдың ішінде қонақүйлердегі нөмір күрт қымбаттады

Елорданың қонақүй бизнесі ЭКСПО-ға келетін туристер легін белсенді түрде пайдалануда. Астанадағы қонақүйлер бағаны бір айдың ішінде 24%-ке көтерген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Туристерді күтуші қонақүйлер, отельдер мен басқа да орындар саны жазғы маусымда 19%-ке өссе, нөмірлер саны - 15%-ке артқан. Маусым айының қорытындысы бойынша, ҚР-ның басқа да ірі қалалары мен мегаполистерінің арасында Астанада қонақүйде тұру құны қатты жоғарылағаны байқалды: мамырда +23,8%, жылдан жылға +26,6%, тәулігіне 12,12 мың теңге. Салыстырмалы түрде, жалпы елдегі бағаның өсуі бір айда +2,1%  және бір жылда +4,4%-ті құраған.

Елордадағы бағаның көтерілуі -  биыл жазда ҚР-ның туристік магнитіне айналған "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне келетіндер легін есепке алғанда, көңілге сыйымды заңдылық. Ал шілде айының басында ЭКСПО-ға миллионыншы келуші тіркелген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу