Бір алғашқы медициналық көмек дәрігері 1950 адамға қызмет көрсетуі керек

3282

Ал Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласындағы дәрігерлердің жүктемесі жоғары.

Бір алғашқы медициналық көмек дәрігері 1950 адамға қызмет көрсетуі керек

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың сөзінше, елімізде бір алғашқы медициналық көмек дәрігері 1950 адамға қызмет көрсетуі керек. Бұл дамыған елдердің көрсеткішінен 30 пайызға жоғары.

"Алғашқы медициналық көмек дәрігерлерінің жүктемесі жоғары өңірлер бар. Атап айтқанда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласындағы бір дәрігер 2200-ге жуық адамға қызмет көрсетеді. Сондықтан, алғашқы медициналық көмек көрсететін қосымша 1531 бөлімше ашу керек", – деді министр үкімет отырысында.

Деректерге сүйенсек, елімізде алғашқы медициналық көмек көрсететін 524 ұйым бар. Оның 24 пайызы – жекеменшік. Аталған ұйымдарда 10 216 бөлімше жұмыс істейді. Олардың 60 пайыздан астамы жалпы практикалық дәрігелер бөлімшесі, 20 пайызы педиаторлық және 18 пайызы терапевтік бөлімшелер.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу