Америкалық педиатрия академиясы және балалар ауруханалары қауымдастығының дерегінше, пандемия басталғаннан бері елде 13,8 миллионнан астам бала коронавирус жұқтырған, соңғы төрт аптада 295 мың баладан инфекция анықталды.
Жыл басынан бері 5,9 миллионнан астам кәмелетке толмаған бала ауруға шалдықты. Бұл – елдегі барлық науқастардың 18,7%-ы.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустық пандемияның әзірге бәсеңдемегенін, науқастар санының соңғы екі аптада 30%-ға өскенін мәлімдеді.
"Мен COVID-19 жұқтырғандар санының өсіп жатқанына алаңдаймын. Бұл фактор денсаулық сақтау жүйелері мен медицина қызметкерлеріне ауыртпалық түсіреді. Сонымен қатар өлім-жітімнің көбею тенденциясы да алаңдатады", – деді ДДСҰ бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус.
Табиғат Нұрболат