Бір апта ішінде азық-түлікті негізсіз қымбаттатуға қатысты 749 жағдай тіркелген

1200

Мониторингтік топтар азық-түлік бағасын ірі қалаларда ғана емес, аудандарда да тексеріп жатыр. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-қимыл жоспарын орындау бойынша кезекті кеңесте айтылды.  

Бір апта ішінде азық-түлікті негізсіз қымбаттатуға қатысты 749 жағдай тіркелген

Мониторингтік топтар кәсіпкерлердің ӘМАТ-қа рұқсат етілген 15% бөлшек сауда үстемесін сақтауына тексеріс жүргізген. Тексеру нәтижесінде бір апта ішінде елімізде 749 сауда тәртібін бұзушылық — әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаны рұқсат етілген бөлшек сауда үстемесінен асыру жағдайлары анықталған.

Әсіресе қант бағасы көтерілген, одан кейін күнбағыс майы және көкөністер бағасы негізсіз өскен.

"Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, инфляцияны рұқсат етілген шектерде ұстап тұру және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында өткен аптада елімізде мониторингтік топтардың жұмысы республикалық маңызы бар қалалар мен өңірлер деңгейінен аудандар деңгейіне дейін кеңейтілді",- деп жазылған үкімет басшысының сайтында.

Монополияға қарсы әрекет ету шараларын қолдану аясында тауық етін көтерме саудада жеткізуші (Қостанай облысы), тауық жұмыртқасын өндірушілер (Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары), көтерме саудада жеткізуші (Ақтөбе облысы), аммиак селитрасын (Маңғыстау облысы) және аммофос өндірушілер (Алматы) бойынша 8 тергеу жүргізілуде. Бір апта ішінде Алматы облысындағы "ФудмастерТрейд компаниясы" ЖШС-ға бір ескерту жасалды, сондай-ақ Павлодар облысындағы "Grano-PV" ЖШС және "Царская каша" ЖШС қарақұмық жармасын өндірушілерге, Алматыдағы "СахарПром Казахстана" ЖШС қантты көтерме жеткізушіге 3 хабарлама жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу