Бір аптада 251 мал ұрлығы әшкереленді

509

Полиция мал базарлары мен қасапханаларға рейд жүргізіп отырады.

Бір аптада 251 мал ұрлығы әшкереленді

Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаменті басшысы Думан Таев өткен аптада болған мал ұрлығына қарсы іс-қимыл жайлы айтты.

"Қараша айының 16-21 аралығында қылмыстың алдын алу жөніндегі кезекті іс-шара өтті. Осы бір апта ішінде 251 мал ұрлығы әшкереленді. Мал ұрлығына қатысы бар 229 адам ұсталды. Сондай-ақ автокөліктер тексеріліп, ветеринария саласында 510 заң бұзу ісі анықталды. Мал мен етті құжатсыз тасыған азаматтар болды. 2500 мал сату орындары, шаруа қожалықтары мен мал жөнелту орындары тексерілді. Мал ұрлығына қарсы күрес жүргізу үшін өңірлерде жедел іздестіру топтары жұмыс істейді. Олар мал базарлары мен қасапханаларға рейд жүргізіп отырады. Жыл басынан бері мал ұрлаумен айналысатын мыңнан астам ұсталды. Соның ішінде 145 қылмыстық топ қолға түсті", – деді криминалдық полиция департаменті басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу