Бір аптада азық-түлік бағасы төмендеді

407

Бір аптада пияз 4,8%-ға, қырыққабат 4,6%-ға, картоп 2,9%-ға арзандады.  

Бір аптада азық-түлік бағасы төмендеді Фото: фрешпродукты.рф

2026 жылғы 26 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бірқатары арзандады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Есепті аптада пияздың бағасы 4,8%-ға, ақ қырыққабат 4,6%-ға, картоп 2,9%-ға, сәбіз 2,4%-ға, алма 1,1%-ға төмендеген.

Өңірлер арасында бағаның ең көп төмендеуі Қонаевта тіркелді – 0,4%. Атырау, Жезқазған және Көкшетауда баға 0,2%-ға, Алматы, Қызылорда, Орал және Өскеменде 0,1%-ға арзандаған.

Ел бойынша пияздың орташа бағасы килограмына 179 теңге болды. Ең төмен баға Түркістанда – 135 теңге.

Ақ қырыққабаттың орташа бағасы 176 теңге болса, Таразда 132 теңгеден сатылды. Картоптың орташа бағасы 241 теңге, ең төмен баға Павлодарда – 177 теңге және Қостанайда – 194 теңге.

Қызанақтың орташа бағасы 546 теңгені құрады. Ең қолжетімді баға Таразда тіркеліп, килограмы 315 теңге болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу