Бір аптада ел аумағында 3 608 қылмыс жасалған

1003

Құқық бұзушылықтардың көбі бірден ашылды. 

Бір аптада ел аумағында 3 608 қылмыс жасалған

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметі туралы брифингте мәлім етті. 

"Бір апта ішінде елімізде 3 608 қылмыс жасалды. 2 355 қылмыс бір тәуліктің ішінде бірден ашылды. Қылмыстардың басым бөлігін ұрлық құрайды. Полиция қызметкерлері із суытпай 10 кісі өлтіру фактісін, 3 адам өліміне алып келген қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактісін, 44 тонау және 508 өзгенің мүлкі ұрлау қылмысын ашты", – деді Нұрділдә Ораз. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу