Ішкі істер министрлігі елдегі криминогендік жағдайды баяндады, деп жазады inbusiness.kz.
Бір апта ішінде республикада 2720 қылмыс жасалды.
"Полиция қызметкерлері ізін суытпай кісі өлтірудің 11 дерегін, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің 3 жағдайын, 1 қарақшылық, 36 тонау және 302 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты", - деді ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу