Бір аптада Молдавияға 42 мыңнан астам Украина азаматы келді

445

218 шетелдікке елге кіруге тыйым салынды.  

Бір аптада Молдавияға 42 мыңнан астам Украина азаматы келді Фото: Rambler

Молдова-Украина шекарасын өткен аптада 42 мыңнан астам украиндар кесіп өтті, деп хабарлайды Молдова шекара полициясының сайты, деп жазады Inbusiness.kz.

"2022 жылғы 26 желтоқсаннан 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін Молдавия шекарасын 201 760 шетелдік кесіп өтті. Жалпы бір апта ішінде Республикаға барлығы 42 783 украиндар келді", - деп атап өтті шекара ведомствосында.

ІІМ мәліметтері бойынша, Ресейдің мен Украина қақтығысы басталғалы бері 650 мыңнан астам босқын Молдавия аумағынан өткен. Республикада 80 мыңнан астам адам қалып, олардың 10,3 мыңы баспана сұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу