Бір бала ауырса бүкіл мектеп карантинге жабылуы мүмкін – Алексей Цой

1494

Наурыз айынан бері елде 2418 бала індет жұқтырған.

Бір бала ауырса бүкіл мектеп карантинге жабылуы мүмкін – Алексей Цой

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазіргі кезде қашықтан оқу жөніндегі шектеулерді азайтудың жолы қарастырылып жатқанын мәлім етті.

"Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты оқушыларға қашықтан білім алуда. Қазір қашықтан оқу жөніндегі шектеулерді азайтудың жолын қарастырып жатырмыз. Дегенмен  шектеулер кезең-кезеңмен жеңілдетіледі. Наурыз айынан бері елде 2418 бала індет жұқтырды. Олардың 98%-ы жазылды. Қазір 34 бала ем-дом қабылдап жатыр. Айтқым келетіні, жабық мекемедегі ұжымда індет тез жайылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 12 жасқа дейінгі балалар жиі болмаса да, коронавируспен ауыратын жағдайлар тіркелген. Ал 15 жастан асқан ересек балалар инфекцияны жылдам таратады. Білім беру мекемелерінде бала індет жұқтырса, онымен қарым-қатынас жасағандардың саны айтарлықтай көп болады. Мәселен, бір бала ауырса, бүкіл сынып оқушылары, мұғалімдер, олардың отбасы мүшелері 14 күндік карантинге жабылады. Сол себепті, баланың ауырғаны бүкіл мектептің карантинге жабылуына әкеп соқтыруы мүмкін", – деді денсаулық сақтау министрі.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу