Бір банктің 5 қызметкері сотталды

835

Банк қызметкерлеріне жалған купюра берген адамға халықаралық іздеу жарияланды.  

Бір банктің 5 қызметкері сотталды

Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты клиенттерге 4 мың еуро жалған ақша берген банктің 5 қызметкеріне үкім кесті. Кінәлілер 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ҚМА Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Банктің 5 қызметкері алдын ала сөз байласу арқылы клиенттерге жалпы сомасы 4 000 еуро жалған қағаз ақшаны өткізген. Тергеу барысында 2020 жылы банк қызметкерлерінің бірі жалған 6 000 еуроны 25%-ы мөлшеріндегі ақшалай сыйақы үшін теңгеге айырбастағаны анықталды. Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен кінәлілер 5 жылға бас бостандығынан айырылды",– дейді Қаржылық мониторинг агенттігінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу