"Бір белдеу бір жол" қазақстандық G-Global идеясымен үндес. Мұндай пікірді Бейжіңде өтіп жатқан "Бір белдеу, бір жол" халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жоғары деңгейдегі 2-ші форумның ашылуында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Қытай Төрағасы Си Цзиньпин мырзаның "Бір белдеу, бір жол" құрылысы арқылы бізді адамзаттың ортақ тағдыры қоғамдастығын бірге құруға шақыруы оған деген терең құрметімді оятады. Мұның мәні тереңде жатыр. Әлемдік саясаткердің осынау жаңа пайымы барлық елдердің мүддесін шоғырландыруға негізделген G-Global идеямызбен үндес", – деді Елбасы.
Еске салайық, форумға 37 мемлекеттің көшбасшылары мен үкімет басшылары қатысып жатыр.