Бір блогерлер ақшасын, өтірік көліктерін көрсетеді – Ринат Зайытов

399

Салық органдары блогерлердің табысын майшаммен қарауға кірісті.

Бір блогерлер ақшасын, өтірік көліктерін көрсетеді – Ринат Зайытов Фото: kazfootball

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов блогерлердің салық төлеуі жайлы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Кез келген табысқа салық салынады. Бұл бесенеден белгілі, заңды нәрсе. Бұған дейін есептеу қиын болған шығар, енді ғана есебін тауып үлгерген болуы керек. Дегенмен, бәрін дұрыстап есептеу керек. Бұған дейін "сен мынанша төлемедің" деген қаншалықты өнімді әңгіме екенін білмеймін, бірақ бұдан кейін қанша төлейтінін айтқан дұрыс. Блогерлердің өздері де кінәлі. Бір блогерлер ақшасын, өтірік көліктерін көрсетеді. Ондай өтірік істеген адамдар осы жолы зардабын тартады", – дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу