Бір доллар 446 теңге болуы мүмкін

1150

Келесі жылдың алғашқы айында ұлттық валюта бір доллар үшін 438,1 теңгеге дейін әлсірейді. 

Бір доллар 446 теңге болуы мүмкін

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы осындай болжам жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алдын ала жасалған болжамға сәйкес, 2022 жылы бір доллар 446 теңге болуы мүмкін. 

"Жаңа штамның пайда болуы салдарынан бірқатар елдерге енгізілген шектеулер мұнай құнына қысым көрсетті. Желтоқсан айының басында мұнай бағасы 84,7 доллардан 68,9 долларға дейін немесе 18,6%-ға төмендеді. Ұлттық банктің 6 желтоқсанда қабылдаған базалық мөлшерлемені жылдық 9,75% деңгейінде сақтау туралы шешімі көптеген сарапшылардың болжамына сай болды. Елімізде инфляцияның өсімі 2022 жылдың I тоқсанында болады деп күтілуде. Инфляцияға қарсы әрекет ету шараларын ескере отырып, бағаның өсуі 6-6,5%-ға дейін баяулайды деп болжанып отыр", – деп хабарлады Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу