Бір ғарышкерді ұшыруға 30 миллион АҚШ доллары қажет

736

Бір ғарышкерді ұшыруға 30 миллион АҚШ доллары қажет

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстан атынан төртінші ғарышкерді ұшыруға қанша қаржы керек екенін мәлім етті, деп хабарлайды aikyn.kz.

"Төртінші ғарышкерімізді ұшыру ең алдымен қаржыға байланысты. Бір ғарышкерді ғарышқа жіберудің құны 30 млн АҚШ долларды құрайды. Екіншіден, оны босқа турист ретінде жібермей, осы ретте ғылыми-зерттеу жұмыстарына мән беру керек қой. Осы жұмыстардың тиісті жоспары мен бағдарламасы болуы қажет және ол жоспарды біздің министрліктер мен өзге де органдар беруі тиіс",-деді министр Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында.

Сөз соңында Атамқұлов төртінші ғарышкер бойынша жоспар бар екенін, алайда қаржылық мүмкіндіктер шешіліп, Парламент тарапынан қолдау білдірілсе алдағы мақсаттарды жүзеге асыруға болатынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу