"Бір қабатты Шығыс". Жер үй құрылысына 29 млрд теңге жұмсалады

1716

Мемлекеттік инвестициялардың 1 теңгесіне 5 теңгеге жуық жеке капитал салынбақ.

"Бір қабатты Шығыс". Жер үй құрылысына 29 млрд теңге жұмсалады

Биыл ШҚО-да 560 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Облыс әкімі Даниал Ахметов ел алдындағы есебінде осындай жоспарымен бөлісті. 

"Өткен жылы ШҚО-да 520 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш құрылыстың алдыңғы қарқынынан 118%-ға артық. 2021 жылы құрылысшылар бұл санды ұлғайтып, 560 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Тұрғын үй мәселесі "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасын іске асыру есебінен шешілуде. Жоба мемлекеттің инженерлік коммуникациялар жүргізуі есебінен жеке тұрғын үйлер құрылысын ынталандыруға арналған. Бюджет есебінен 29 млрд теңге қаражат бөлу 642 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысын жүргізуге және жеке инвестицияларды, оның ішінде халықтың шоттарындағы 455 млрд теңге, ЖТҚ-дағы 150 млрд теңге депозиттік жинақтарды тартуға мүмкіндік береді. Осылайша, мемлекеттік инвестициялардың 1 теңгесіне 5 теңгеге жуық жеке капитал салынбақ", - деді әкім.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу