"Бір қадам жердегі полиция" сервистік моделі енгізіліп жатыр

594

Криминогенді аудандарда арнайы 44 бекет орнатылды. 

"Бір қадам жердегі полиция" сервистік моделі енгізіліп жатыр

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында айтқан тапсырмаларын іске асыру барысын мәлім етті.

"Халықтың қауіпсіздігі мәселесін шешу үшін ішкі істер органдарында "бір қадам жердегі полиция" қағидасына негізделген сервистік модель енгізіліп жатыр. Патрульдік жасақтар көшелерде, саябақтарда, аулаларда, сондай-ақ адамдар көп жиналатын жерлерде заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етуде. Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур тәжірибесіне сүйене отырып, әкімдіктермен бірге криминогенді аудандарда арнайы стационарлық бекеттер орнатып жатырмыз. Ол бекеттерде  полиция тәулік бойы жұмыс істеп, қылмысқа қарсы әрекет етуіне және азаматтарды қабылдауына барлық жағдай жасалған. Бүгінгі күні өңірлерде осындай 44 бекет орнатылды, алдағы 2 жыл ішінде тағы 176 осындай бекет салу жоспарда бар", – деді министр.

Нұржан Көшкенов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу