"Бір картоптың өзі 2,5 есеге қымбаттады": Депутат азық-түлік бағасы шарықтап тұрғанын айтты

315

Жыл сайын Үкімет азық-түлік небәрі 7-8 пайызға қымбаттағанын айтады, дейді ол.  

"Бір картоптың өзі 2,5 есеге қымбаттады": Депутат азық-түлік бағасы шарықтап тұрғанын айтты Фото: Владимир Астапкович

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев азық-түлік қымбатшылығына қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2024 жылғы республикалық бюджеттің орындалуында жүйелі проблемалар мен кемшіліктер аз емес. Президенттің қатаң ескертуіне қарамастан, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордан бюджетті толтыру үшін 5,6 трлн теңге алынса, биыл тағы 5,3 трлн жаратылады. Яғни бюджеттің 25 процентін Ұлттық қор арқылы толтырудамыз. Бұл қауіпті әрі оны жақын арада тоқтату мүмкін емес үрдіске айналды", – деді депутат.

Тағы бір мәселе – азық-түлік бағасы.

"Жылда Үкімет оның небәрі 7-8 пайызға қымбаттағанын айтады. Ал шынтуайтында биыл бір ғана картоптың өзі 2,5 есеге өсіп, 500 теңге болды", – деді Елнұр Бейсенбаев.

Айта кету керек, бұған дейін Парламент республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекіткенін жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу