Бір кәсіпкерге 6 пайызбен 7 млрд теңгеге дейін несие беріледі

1089

"Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасына өзгеріс енгізілді.

Бір кәсіпкерге 6 пайызбен 7 млрд теңгеге дейін несие беріледі

"Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы аясында бір кәсіпкерді несиемен қолдау көлемі бұрын 2,5 млрд теңгеден аспауы керек болса, енді бұл сома 7 млрд теңгеге ұлғайтылды. 

Орталық коммуникациялыр қызметінде өткен онлайн брифингте Ұлттық экономика министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту департаментiнiң директоры Шыңғыс Ахметов осындай мәлімет айтты.

"Бағдарлама шеңберінде соңғы қарыз алушы үшін кредиттің құны банктік сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды есептегенде 6%-ды құрайды. Бір кəсіпкерді кредиттік қолдау мөлшері 7 млрд теңгеге ұлғайды. Бұрын бұл сома 2,5 млрд теңгені құрайтын", – деген министрлік өкілі айналым қаражатын қаржылай толықтыру көлемі де кеңейтілгенін атады.

"Қазір шағын жəне орта бизнес үшін айналым қаражатын толықтыру 60 млн теңгеден 500 млн теңгеге дейін ұлғайды. Бұл ретте сауда қызметі субъектілерінің айналым қаражатын толықтыру 100 млн теңгеге дейін жүзеге асырылады", – деді ол.

Министрлік өкілі бағдарлама аясында несие алушыларға кепілдік көмек те көрсетілетінін жеткізді.  

"Бұл мəселені шешу үшін мемлекеттік тараптан кепілдендіру берілетін несиенің мөлшері 360 млн теңгеден 1 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Осындай несиенің 50 пайызы мемлекет тарапынан кепілдендіріледі. Ал, 360 млн теңгеге дейін берілетін несие бойынша мемлекеттік кепілдендіру мөлшері 85%ды құрайды", – деді Шыңғыс Ахметов.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу