Бір қатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

400

Астанада түнде және таңертен тұман.

Бір қатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды Фото: Inbusiness.kz

Синоптиктер 20 қаңтарда Астанада, Алматыда, Шымкентте және тағы 13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде тұман.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қар мол жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде екпіні 17-22 м/с.

Алматыда кей уақытта қатты қар, тұман түседі.

Астанада түнде және таңертен тұман.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында 15-20, екпіні 23 секундына метрге жетеді.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні - 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, шығысында тұман.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Атырау облысының батысында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман.

Павлодар облысында оңтүстігінде, шығысында тұман.

Түркістан облысының тау асуларында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында екпіні 15-20 м/с болады.

Шымкентте кей уақытта тұман.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23-28 м/с-қа жетеді.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу