Биыл бір көзден сатып алу деңгейі 20 пайызға төмендетілмек

1181

Биыл Қаржы министрлігі бір көзден сатып алуды 20 пайызға дейін төмендетпек.

Биыл бір көзден сатып алу деңгейі 20 пайызға төмендетілмек

"Мемлекеттік органдар сатып алу процесінде ең әуелі бәсекелестікке мән беруі керек. Бәсекелестік болмағанда ғана бір көзден сатып алуға жүгінеді. Ондай жағдайда порталда түсіндіріп, есеп береді. Бірінші басшыға жауапкершілік көзделген. Биыл бір көзден сатып алуды 20 пайызға дейін түсіруді көздеп отырмыз", – деп баяндады Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында.

Оған Премьер-Министр Әлихан Смайылов "бір көзден сатып алуды түбегейлі жоюды" тапсырды.

Жамаубаевтың айтуына қарағанда, мемлекеттік сатып алу порталы бәріне бірдей ашық. 

"Қоғам да, құқық қорғау органдары да бақылайды. Ішкі аудит комитетінің жергілікті департаменттер камералық бақылау жүргізеді. Келіп түскен шағымдарды бұрын комитет деңгейінде қарайтын болса, қазір министрлік деңгейіне дейін көтердік. Арнайы аппеляциялық шағымдар арқылы қараймыз. Сонда шағым жедел әрі сапалы қаралады", – дейді Жамаубаев.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу