Бір көзден сатып алу – жемқорлық өрісі – Мәжіліс депутаты

821

Бақытбек Самғұл пандемия кезінде бір көзден сатып алу шараларының көбейіп кеткеніне наразы.

Бір көзден сатып алу – жемқорлық өрісі – Мәжіліс депутаты Фото: parlam.kz

Пандемя кезінде квазимемлекеттік сектордағы бір көзден сатып алу жүйесі жемқорлық өрісіне айналды. Депутат Бақытбек Смағұлов осындай пікір айтты. 

"Мемлекеттік қызметтердің сапасын электронды жүйеге көшу арқылы арттырса, жемқорлық тәуекелдері азаяды. Осы форматқа көшудің арқасында бүгінгі таңда бюджеттің 8,4 млрд теңгесі үнемделді. Квазимемлекеттік сектордағы бір көзден сатып алу шараларын да мейлінше азайту керек. Әйтпесе, бір компанияның тендерсіз сатып алуы тым көбейіп кетті. Оның бәрін тергеулер көрсетіп отыр. Қазіргі дағдарыс пен пандемияның кезінде өте ауыр шығынға ұшыратып жатқан – жемқорлық өрісі екені жасырын емес",– деді Мәжіліс өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу