Қызылорда қаласы полиция басқармасына 21 ақпанда жергілікті тұрғын қарындасының белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағаны жөнінде арыз түсіргенін жазған болатынбыз.
Қызылорда қаласы полиция басқармасының криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері аталған хабарлама негізінде іздестіру жүргізді.
"Барлық көшелер, аулалар мұқият зерделеніп, жергілікті тұрғындардан сұрау жүргізілді. Жедел- іздестіру жұмысының нәтижесінде жоғалған 41 жастағы азаматша қала көшелерінің бірінен аман-есен табылды", - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаменті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу