27 шілде күні Нұр-Сұлтанда темір қабылдау орындарын тексеру кезінде 10-нан астам, оның ішінде 1,5 тонна түрлі-түсті темір, 8 темір қақпа, 12 аккумулятор тәркіленді. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Фахд бен Абдул Азиз көшесіндегі үйдің жанынан бөлшектелген кран, ал Дулатов көшесіндегі қабылдау орнынан "Mitsubishi" көлігінің кузовы табылды. Тәркіленген заттар бойынша тексеріс жүргізілуде. Тексеріс барысында кәріз қақпақтары анықталған жоқ. Көркейту ережелері және көші-қон заңнамасын бұзғандары үшін 20 әкімшілік хаттама толтырылды", – делінген хабарламада.
Тиісті құжаттамасыз темір қабылдау орнының 2 иесі қатысты ҚР Әкімшілік кодесінің 463-бабы бойынша әкімшілік жазаға тартылған. ҚР ҚК-нің 188-бабы (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Тексеріс барысында Өндіріс көшесінде орналасқан темір қабылдау орнынан темір қақпа мен "Volkswagen" маркалы көліктің кузовы табылды. ҚР ҚК-нің 188- бабы бойынша (ұрлық) тергеу жүргізілуде. Заттай айғақтар тәркіленді",– деп хабарланды департаменттен.