Бір күнде 101 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмды. Ал тәуліктік статистика 8 мыңға жақындады. Нақты сан 7 мың 778. Бұл бір күн бұрынғы көрсеткіштен 300 науқасқа көп. Дерт дендеген өңірлер өзгеріссіз қалғанымен, бұл жолы Алматы елорданың алдына шықты. Оңтүстік астанада 1 мың 680 жағдай тіркелсе, Нұр-Сұлтанда КОВИД 1 мың 555 адамда анықталды. Қарағанды облысында да тәуліктік өсім жоғары, +931 науқас. Эпидахуалды бағалау матрицасы осымен үшінші күн қатарынан ауыспай тұр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу