Оған сенсек, тамыздың 16-сы індет тағы 116 отандасымыздың өмірін жалмаған. Бұған қоса 19 адам ковид белгілері бар пневмониядан жан тапсырды. Ал кеше кесел жұқтырғандар саны тағы көбейді. Ковид 7 мың 34 адамнан анықталды. Алматыда 1 мың 403, Қарағанды облысында 1 мың 49, астанада 735 жаңа жағдай тіркелді.
Үкімет болса елдегі эпид-ахуалдың тұрақтала бастағанын айтады. Десе де, Денсаулық сақтау министрі "қызыл" және "қою қызыл" аймақтардағы өңірлерде демалыс күндері локдаун сақталуы тиіс деген ұсыныс жасады. Цойдың бұл бастамасын Премьер-министр құптады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу