Бір күнде 1668 адам отбасын құрды

886

Ал жыл басынан бастап 15 мың неке тіркелген.  

Бір күнде 1668 адам отбасын құрды

Кеше елімізде 834 жұп неке қидырыпты. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен жылмен салыстырғанда бұл күні бас құрағандар саны 593 жұпқа көп болыпты. Былтыр дәл осы күні 241 неке тіркелген. Ведомство хабарламасына сүйенсек, көрсеткіштің бұлайша артуына "ерекше үйлескен сандар" – 20.02.2020 әсер еткен.

Некенің көпшілігі Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында және Қарағанды ​​облысында тіркелді. Алматы қаласында –165, Нұр-Сұлтан қаласында – 123, Қарағанды ​​облысында –103. Ал Атырау облысы мен БҚО-да 8-9 жұп неке қидырған.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің АХАЖ мәліметінше, олардың ең жасы 16-22 жаста (қалыңдық 16 жаста, күйеу жігіт 22 -де), ең жасы үлкен жұп  65-70 жаста (қалыңдақ – 65 және күйеу жігіт – 70 жаста).

ЕGov порталы арқылы некеге тұруға өтініш берген жұптар саны – 122 болды.

Ал жыл басынан бастап 15 мың неке тіркелген.  

Жас жұбайлар арасында осындай "ерекше үйлескен сандарды" таңдау көбінесе жазға сәйкес келеді екен. Мысалы, 08.08.2008 жылы 2044 неке тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу