Бір күнде 1800-ден аса адамнан коронавирус анықталды

869

127 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Бір күнде 1800-ден аса адамнан коронавирус анықталды

Елде өткен тәулікте 1800-ден аса адам COVID-19 жұқтырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімінше, өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 1 863 дерегі тіркелген. Осылайша COVID-19 жұқтырғандар саны 903 924-ке жетті.

2 358 адам коронавирустан айықты. Елде барлығы 846 012 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

10 қазандағы мәлімет бойынша 53 581 адам коронавирустан емделіп жатыр. 

"Олардың ішінде 9 384 пациент стационарда, 44 197 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 674 адамның жағдайы ауыр, 201 пациенттің жағдайы өте ауыр, 127 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ COVID-19 бен пневмониядан 51 адам қайтыс болды.

Сонымен қатар Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 7 846 324 адам, II компонентін 6 888 423 адам салдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу