Бір күнде Алматыдан 54 мың адам шыққан

766

Мегапоистегі блок посттарда жағдай тұрақты. 

Бір күнде Алматыдан 54 мың адам шыққан

2020 жылдың 20 наурызында Алматыдан 54 мың 770 адам шығып, 49 мыңнан астам адам кірген. Бұл туралы Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Кожағапанов онлайн брифингте айтты. 

"Алматыда карантин режимі жариланған алғашқы күні 27 блок пост арқылы шаһарға 4 мың 383 көлік кіріп, 3 мың 884 шыққан. Ал 20 наурыз күні 17 мың 810 көлік алаға кіріп, 10 мың 772 көлік шықты. Бұл көліктермен 19 наурызда қалаға 45 мың 956 адам кірсек, 47 мың 325 адам шыққан. Ал 20 наурызда 49 мыңнан астам адам келіп, 54 тыс 700 кетті. Жалпы блок посттарда жағдай тұрақты", – деді Алматы әкімінің бірінші орынбасары. 

Сонымен қатар ол қала сыртында жүрген алматырылқтарға 22 наурыз 00:00-ге дейін қайтуға мүмкіндік берілгенін атап өтті.

"Карантин қаланы толық жабуға мәжбүрлейді. Ал 22 наурызға дейін келіп үлгеру бұл тек әуе және темір жол көліктеріне қатысты. Ал осы уақытта өзге қалаға кеткендерді жергілікті атқарушы орган өкілдері күтіп алып, толық  санитарлық-эпидемиологиялық бақылауға алады", – деді Ерлан Кожағапанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу