Бір күнде бірнеше жарылыс болды

600

Бір күнде бірнеше жарылыс болды

Кеше әлемнің бірнеше жерінде теракт орын алды, деп хабарлайды 24. kz.

Бурундидің Джибиток провинциясында белгісіз қарулы топ бір ауылға шабуыл жасап, 26 адамды қырып салған. Сондай-ақ Ауғанстанның шығысындағы Джелалабад қаласында да бірнеше жарылыс болды. Салдарынан 6 адам көз жұмып, 20 тұрғын түрлі жарақат алды. Жергілікті арналардың хабарлауынша, жанкешті шаһар орталығындағы шекара бөлімшесінің жанында өзін-өзі жарып жіберген. Одан кейін бірнеше қаруланған кісі ғимаратқа шабуыл жасаған. Құқық қорғау органдары бұл іс бойынша іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алайда күдіктілер мен олардың нақты саны жайлы әзірге толық ақпарат жоқ. Жергілікті билік осы аймақта бір уақытта бірнеше жарылыс болды деп хабарлады. Олардың барлығының бір-біріне қатысы анықталуда. Әзірге қастандықты ешқандай лаңкестік топ мойнына алған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу