Бір күнде COVID-19 жұқтырғандардың саны рекордтық деңгейге жетті

441

ДДСҰ соңғы мәліметті жариялады.

Бір күнде COVID-19 жұқтырғандардың саны рекордтық деңгейге жетті

Әлемде бір күн ішінде коронавирус жұқтырудың 183 020 жағдайы тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осындай дерек жариялады. Ұйымның мәліметіне сүйенсек, науқастардың саны 8,7 миллионға жеткен. Ал Джонс Хопкинс Университеті 8,9 миллион адам ауруға шалдықты деп отыр. 

183 мың науқастың 116 мыңнан астамы Солтүстік және Оңтүстік Америкада анықталған. Соңғы уақытта АҚШ-тың бірқатар штатында бір күнде вирус жұқтырғандардың саны күрт өсіп кеткен. Бразилияда дерттен қаза тапқандардың саны 50 мыңнан асқан.

Бұған дейін рекордтық көрсеткіш 20 мамырда тіркелген еді. Ол кезде бір күнде вирус жұқтырғандардың саны 106 мың болды.

Табиғат Нұрболат

Фото: cnbc.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу