Бір күнде көлік жүргізушілеріне 3 млн 111 мың теңге айыппұл салынды

1102

Шымкенттік көлік жүргізушілеріне "тықыр" таянып келеді, деп хабарлайды Atameken Business.  

Бір күнде көлік жүргізушілеріне 3 млн 111 мың теңге айыппұл салынды

Өйткені, қалада "Сергек" камераларының саны артты. Полиция департаментінің хабарлауынша мегаполисте жаңадан 14 көшеге "Сергек" жүйесі  орнатылған. Күні кеше іске қосылған камералар бір тәулікте 224 автокөлік жүргізушісіне 3 млн 111 мың теңге айыппұл салды. Енді сол мәліметтердің барлығы көлік иелеріне хат арқылы жолданады. Хабарлама барғанан кейін жүргізушілер 7 күннің ішінде салынған айыппұлдың 50 пайызын төлеуге құқылы. Одан асып кетсе, толық төленеді. Негізінде көп функционалды камераның бүгінде тек бір функциясы ғана іске қосылған. Яғни, тек көліктің  жылдамдығын ғана анықтайды. Егер, барлық жүйелері жұмысын бастаса айыппұл көлемі едәуір артуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу