Бір күнде коронавирус және пневмониядан 33 адам қайтыс болды

783

Қазақстанда өткен тәулікте 2 530 адамнан коронавирус инфекциясы және 11 адамнан пневмония анықталды.

Бір күнде коронавирус және пневмониядан 33 адам қайтыс болды

Елімізде өткен тәулікте 30 адам коронавирустан, 3 науқас COVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

20 сәуірдегі жағдай бойынша, 38 997 адам коронавирус инфекциясынан (38 634 КВИ+ және 363 КВИ-) емделіп жатыр, оның 13 836 пациенті стационарда, ал 25 161 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

Сонымен қатар 663 адамның жағдайы ауыр, 176 пациенттің жағдайы өте ауыр, 96 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Өткен тәулікте 2 530 адамнан коронавирус инфекциясы және 11 адамнан пневмония анықталды.

"Өткен тәулікте 30 адам коронавирустан, 3 науқас COVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болды", - деп жазылған Денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу