"Мойнында қолдың, арқанның іздері болды": Салтанаттың көмекшісінен жауап алынды

2046

Бишімбаев оны үнемі бақылап, "ұрып-соғып" жатқанын айтып, бұл туралы ешкімге айтпауын өтінген.

"Мойнында қолдың, арқанның іздері болды": Салтанаттың көмекшісінен жауап алынды Фото: видеодан алынған кадр

Бүгін Астана сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы жалғасты. Бүгінгі отырыста Нүкенованың көмекшісі Анар Тасовадан жауап алынып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол Салтанат көз жұмғанға дейін кездескенде оның денесінде көгерген іздер болғанын, мойнында арқанның ізін көргенін мәлімдеді. Салтанат көмекшісіне Бишімбаевтың өзіне қол көтергенін айтқан.

"Мойнында қолдың, арқанның іздері болды. Денесінің сол жағы түгел көгерген. Оның денесіндегі соққының іздерін көріп, менің де көңіл күйім түсіп кетті. Бірнеше рет әжетханаға барып жылап алдым.

Ол әңгіме барысында "Қуандық - тиран, 24/7 қасымда, құрбыларыммен, әпкелеріммен араласуға тыйым салады. Үнемі соның қадағалауындамын, маған жұмыс істеуге рұқсат бермейді" деді. Оның жұмысын қалай жақсы көретінін білгендіктен, маған да бұны есту ауыр болды", - деді Анар Тасова.

Салтанат ассистентке отбасылық өмірде үнемі жанжалдар бар екенін, Бишімбаев оны үнемі бақылап, "ұрып-соғып" жатқанын айтып, бұл туралы ешкімге айтпауын өтінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу